Жүзуден Қазақстан командасы Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысады

Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Римде (Италия) жүзуден Париж Олимпиадасына іріктеу бәсекесі өтеді. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған сынға Қазақстан сапынан 5 спортшы қатысады. 

Атап айтқанда, төртжылдықтың басты додасына жолдама алуға Диана Тасжанова, Ксения Игнатова, Софья Сподаренко, Әділбек Мусин және Максим Сказобцовтың мүмкіндігі бар. 

Айта кетейік, турнир 21-23 маусым аралығында өтеді. 

Еске салсақ, бұған дейін Канаданың Маркем қаласында өткен әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы алтын медаль алғанын хабарлаған болатынбыз.