Қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақты енгізуді әзірлеу кезінде жолдың жүктемесі және көше-жол желісінің техникалық мүмкіндігі ескерілді.
Қазіргі уақытта Мәңгілік ел даңғылы – қала тұрғындары тығыз орналасқан аудан. Бұл даңғылмен 20 бағдар жүреді. Қаланың басты даңғылының жолаушылар ағыны тәулігіне 88 мың адамды құрайды.
Бұл қаладағы 28-інші Bus Lane болмақ. Қазіргі уақытта көрсетілген учаскеде жолақтарды сызу және жол белгілерін орнату жұмысы жүргізіліп жатыр.