Елордадағы Н. Тілендиев даңғылында уақытша шектеу енгізіледі

АСТАНА.KAZINFORM — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 9-20 маусым аралығында Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан Баршын көшесіне дейінгі аралығында жолдың жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді. Бұл туралы Астана қаласының әкімшілігі мәлім етті.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

— Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Қорғалжын тас жолына жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жаздық.