Елордадағы Сарыарқа даңғылының учаскесі ішінара жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Елордадағы Сарыарқа даңғылы бойынша Шевченко көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде мердігер ұйым өз қаражаты есебінен асфальтбетон жабыны жөнінде анықталған ескертулерді жою шеңберінде жол жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру жұмыстарын жүргізеді.
Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты, 13-16 тамыз аралығында аталған учаскедегі Сарыарқа даңғылы ішінара жабылады.
Жұмыстар жолдың ішінара жабылуымен кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бұл ретте қиылыстар ашық болады.
Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін LRT құрылысына байланысты Астанада бірнеше көше жабылатынын жазған едік.