АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Сығанақ және Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы бағдаршамды абаттандыру жұмысының жүргізілуіне байланысты, 29 сәуір мен 13 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара шектелетін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Астанадағы Сығанақ көшесінің бір бөлігі бірнеше айға жабылатынын хабарлаған едік.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.