– Алдын ала мәлімет бойынша, «Mercedes» жүк көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Sinotruk» жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан екеуі де отқа оранған. Өртті сөндіру кезінде «Mercedes» автокөлігінің кабинасынан жүргізушінің денесі табылды. Ол сол жерде көз жұмған. Ал екінші жүргізуші өрт басталғанға дейін кабинадан секіріп үлгерген. Ол аман, - делінген хабарламада.
Бұған дейін қалалық Денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнынан табылған ер адамның денесі қатты күйіп қалғандықтан, оның не ұлтын, не жасын анықтау мүмкін болмай жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Астанада екі жүк көлігі соқтығысып, артынша өртке оранғанын жазған едік.