Елордадағы Жастар конвентіне 8 мыңға жуық адам қатысты

Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы ЭКСПО алаңында «Қазақстан – бар ғұмырым!» атты алғашқы жастар конвенті өтті. Іс-шараны Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жаңа адамдардар» жастар қозғалысы ұйымдастырды. 

Астана әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, конвентке еліміздің 20 қаласынан 8 000-ға жуық белсенді жас қатысты.

«Бүгін адамдар жаңа танысып, тәжірибе алмасатын конвент өтіп жатыр. Іс-шарадан кейін олар өз қалаларына оралады және жаңа байланыстардың арқасында жаңа жобаларды бастай алады. Әртүрлі аймақтарда орналасқан біздің конвент штабтары бұған көмектеседі. Біздің штабтарымызға жастар келіп, шығармашылықпен айналысып, бір-бірімен әңгімелесіп, елдегі өмірді қалай жақсарту керектігі туралы ойлана алатын кампустарға айналады деп жоспарлап отырмыз», - деп бөлісті «Жаңа адамдар» белсендісі Сағи Саясат. 

Фото: Астана әкімдігі

Конвентке қатысушылар үшін мазмұнды бағдарлама дайындалды. Стильге, білімге, биге, футболға және басқа да іс-шараларға арналған 15 тақырыптық нүкте ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ іс-шара аясында акционерлер шайқасы өтті. «Жаңа адамдардан» бастап 12 азаматтық компания заңсыз қоқыс үйінділерінен қираған аялдамаларға дейінгі әлеуметтік мәселелерді шешу тақырыбында өз жобаларын ұсынды. 

Фото: Астана әкімдігі

Дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаз таңдалады, ол өз идеясын іске асыру үшін грант иегері болады.

Іс-шара аясында белсенді жастарға арналған медиа тұлғалар-режиссер Айтөре Жолдасқали, журналист Динара Сатжан, «Орда» тобының солисі Ерболат Беделхан және басқалар сөз сөйледі. 

Бірінші жастар конвенті отандық эстрада жұлдыздарының концертімен аяқталды.