деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл іс-шара әуелі ұстаздар арасындағы қызықты спорттық жарыстармен басталды. Мектептегі бірлестіктер арасында бәсекеге түскен ұстаздар 8 түрлі аталым бойынша бақтарын сынады. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Ұстаздар бірде соғыс кезіндегі нәубет жағдайды бейнелеген қойылымдар қойып, көрерменнің көзіне жас іріксе, бірде жеңістің шаттық биін билеп, мерекенің мерейін асырды. «Бұл жеңіске сандаған бабаларымыздың құрбандығының арқасында қол жеткізілді. Қан майдандағы Әлия мен Мәншүктей батыр қыздарымыздың рухын бүгінгі ұрпаққа насихаттау - біздің борышымыз. Сонымен қатар бүгінгідей қызғылықты кеш ұжымымыздағы ұстаздардың береке-бірлігінің жарқын көрнісі болды», дейді №48 мектеп-лицейінің директоры Зәуре Садықова.