Алаш тас жолында Бөгенбай батыр даңғылындағы жол өткелінен Жолымбет көшесіне дейін құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған қарай, 17 шілде мен 2 тамыз аралығында жол қозғалысын жартылай жабу жоспарланған. «Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген басқарманың хабарламасында.