Елордадағы әнші Шахмардан Әбіловтың шығармашылық кеші өтеді

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Елордадағы Президенттік мәдениет орталығында әнші Шахмардан Әбіловтың шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.

«25 қазанда ҚР Президентттік мәдениет орталығының концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР еңбек сіңірген білім қызметкері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Халықаралық Шығармашылық академиясының академигі, «Құрмет» орденінің кавалері, Халықаралық шығармашылық академиясының «Даңқ» орденінің иегері Шахмардан Әбіловтың шығармашылық кеші өтеді», - делінген хабарламада.