Іс-шараға 100-ден адам астам қатысты, олардың арасында жас отбасылар, танымал қазақстандық спортшылар, «Болашақ» қауымдастығының мүшелері, «Болашақ» бағдарламаның стипендиаттары мен түлектері бар. «Болашақ» қауымдастығының түлегі және мүшесі, Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері, әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында каратэ-шидокан бойынша үш дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов конкурсқа қатысушыларды құттықтады.
Іс-шараның басты оқиғасы әлемдегі белсенді тынығудың ең танымал түрі болып табылатын ерекше әрі қызықтыратын квест болды. Квест - бұл жаңа креативті ойын форматы, ол зияткерлік және дене шынықтыру тапсырмаларын қамтиды. Конкурстың барлық қатысушылары командаларға бөлініп, әртүрлі интерактивті миссияларды орындап шықты.
«Болашақ» қауымдастығы тамаша тимбилдинг ұйымдастырды. Маған барлық конкурстар өте ұнады. Өзім салауатты өмір салтын өткізуге, әріптестермен футбол, волейбол ойнауға тырысамын. Менің үлгімнен қызым спортқа белсенді қатысатынына сенімдімін»»,- дейді «Болашақ» бағдарламасының түлегі Рустам Тоқмағамбетов.
Бәсеке қорытындысында конкурстық спорттық кезеңдерін барлық командалар жеңіп шықты. Ойынның көптеген қатысушылары осыған ұқсас интерактивті іс-шараларды жиі өткізу қажеттігін атап көрсетті. Белсенді тынығудың мұндай түрі шығармашылық және физикалық әлеуетті дамытуға, әртүрлі жылдардағы «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында байланысты нығайтуға, қазақстандық қоғамның патриоттық көңіл-күйін арттыруға және «Қазақстан-2050» ұлттық стратегиясын іске асыру шеңберінде оны шоғырландыруға мүмкіндік туғызатын болады.
Тұтастай алғанда, салауатты өмір салты, белсенді демалыс, отбасылық құндылықтар «Болашақ» қауымдастығының қызметінде басым бағыттар болып табылады.