Тергеу барысында халықаралық әуежайдың тексеру қызметінің қызметкері Нариман Шапдыкеевтің қызмет өкілеттігін пайдаланып, кеден бақылау аймағы арқылы салмағы 4882 грамм болатын 5 алтын құймасын заңсыз өткізіп, еліміздің аумағынан тысқары ұшып бара жатқан тұлғаға берген. Қылмыс 2017 жылдың 23 тамызында жасалып, ол құқық қорғау органы қызметкерлерінің қолына түскен.
«Астана қаласы Есіл аудандық №2 соты Нариман Шапдыкеевті ҚР ҚК 234 бабы 2 бөлімі 2, 4, 5 тармақтары бойынша қылмыс жасады деп таныды. Сот шешімімен оған 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», - делінген сот үкімінде.