Күйік жарақатымен науқастарды емдеуге мамандандырылған жалғыз бөлімше осы қалалық ауруханада.
«Біздің ауруханаға пациенттер еліміздің барлық өңірлерінен келеді. Мұнда дәрігерлер көлемді күйік жарақаттарымен, денесінің 50%-дан артық бөлгі зақымданып, шұғыл жеткізілген науқастарды емдейді. Бір жыл ішінде бөлімшеден 50-ден астам науқас ем алып шығады. Оларды жоғары білікті мамандар емдейді. Жаңа құрылғы дәрігерлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді және науқастардың тез қалпына келуіне көмектеседі деп сенеміз», – дейді №1 көпбейінді қалалық аурухана директоры Марат Абдуов.