Елордадағы автосервис қызметкерінен 6 келі есірткі тәркіленді
08:30, 22 Сәуір 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда полиция көлік жөндейтін орындардың біріндегі 37 жастағы қызметкерден 7 есірткі оралған түйіншек тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдіктінің «Nissan» маркалы автокөлігін тінту барысында сатуға дайындалған есірткі салынған тағы 3 полиэтилен пакеті табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген «нашаның» жалпы салмағы 6 келі болды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір есірткінің оған қалай келгені анықталып жатыр.
Айта кетерлдігі, жыл басынан бері полиция заңсыз айналымнан 32 келі есірткі тәркіледі.