«Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаладағы барлық мекемелердің жұмысын тоқтатуға қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп жазды әкім Instagram парақшасында.
Қала басшысы тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады.
«Барлық ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында және аккаунттарында бар», - дейді ол.
Айта кетсек, елордада кеше түннен бері қатты боран соғып тұр. Ауа райының қолайсыздығынан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында қазіргі уақытта 38 авиарейс кешіктіріліп, 11 рейс тоқтатылды.