Елордадағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
07:03, 23 Қараша 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада бірініші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары бүгін мектепте сабақ оқымайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Білім басқармасыне сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін қашықтан оқыту форматына көшірілетіндігін хабарлайды», делінген хабарламада.