Шара барысында Жұмыспен қамту орталығының мамандары "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша кеңестер беріп, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік бос жұмыс орындар мен еңбек ақысы төленетін қоғамдық жұмыстар туралы баяндайды.
Атап өту керек, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде елорданың 20 жуық мекемелері мен кәсіпорындары бос орындарды ұсынады. Жәрмеңке 26 тамыз күні сағат 10:00-де «Astana mall» ойын-сауық орталығында өткізіледі, деп хабарлайды astana.kz.