Елордадағы «Демеу» медициналық орталығы сенімді басқаруға берілмек
«Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекеменшік серіктестігін дамыту аясында сенімді басқаруға берілетін денсаулық сақтау нысандарының тізімін анықтау жөніндегі комиссиясы амбулаториялық-емxаналық қызмет нысандарының ішінен - «Демеу» отбасы медицинасы ғылыми-тәжірибелік орталығын сенімді басқаруға беру мәселесін қарауда», - делінген оның жауабында.
Басқарма баспасөз қызметінің ҚазАқпарат тілшісіне xабарлағанындай, сенімді басқаруға заңнамаға сәйкес, мемлекеттік мүлікке сенімді басқарушы ретінде жеке және мемлекеттік емес заңды тұлға бола алады. Сенімді басқарушы мемлекеттік мүлікке басқару жүргізу кезінде шығындарды өтеуге құқылы. Өз кезегінде ол құзырлы орган алдында өз қызметі бойынша есеп беруге міндетті.
Айта кетейік, денсаулық сақтау нысандарының сенімді басқаруға берілуі туралы мәселе бұрыннан талқылануда. Былтыр желтоқсан айында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда 2017-2020 жылдар аралығында 124 емxананың сенімді басқаруға берілетіндігін мәлім еткен болатын.