Онда келушілердің бәріне аталған проблема бойынша теріні күту, тамақтану ерекшеліктеріне байланысты ақпараттық буклеттер беріледі. Сондай-ақ, барлық тілек білдірушілер дерматовенеролог дәрігерден кеңес ала алады.
Дүниежүзілік псориаз күні псориаз науқастарының халықаралық федерациясы қауымдастығының бастамасымен 2004 жылдан бастап 29 қазанда жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл күн псориаз немесе псориатикалық артритке шалдыққан адамдарға арналған.
Дүниежүзілік псориаз күні шын мәнісінде ауқымды оқиғаға айналды. Псориаз - адамдар арасында жиі кездесетін тері ауруларының бірі. Одан жалпы планета тұрғындарының орташа есеппен алғанда 2-ден 7 пайызы зардап шегеді.