Елордадағы экология департаментінің ғимаратында тұтанған күшті өрт 2 сағатта сөндірілді

АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Есіл аудандық экология департаменті ғимаратында тұтанған күшті өрт 2 сағаттың ішінде ауыздықталды,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Айта кетейік, Дружба көшесінде орналасқан 3 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры өртеніп жатқандығы туралы ақпарат сағат 10:08 минутта түскен. Тілсіз жау 1000 шаршы аумақты қамтыған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 66 маманы мен 16 техникасы жұмылдырылған.