«Елорда маңындағы 16 елді мекенде шамамен 345 мың адам тұрады. Абаттандыру мәселелерімен қатар жүйелі мәселелер де бар: электр, су, кәріз, нөсер, жылыту, әлеуметтік нысандардың құрылысы және т.б.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елді мекендерді жүйелі түрде дамытудамыз. Мәселен, тұрғын алаптарды 42 км су құбыры, 17 км арық, 11 км кәріз, 3,2 км электр желісі және 680 км газ құбыры желілерін салдық.
Елді мекендерде 4 білім беру нысанын, 2 спорт кешенін, 300 аула мен қоғамдық кеңістік және ұзындығы 117 км-ден асатын 250 көшені жөндеп, салдық, сонымен қатар 3,7 мың жарықтандыру тірегін орнаттық», - деп жазды әкім.
Оның айтуынша, бұл жай ғана сандар емес, бұл елді мекендерде тыныс-тіршілікті жақсартуға мүмкіндік берген үлкен жүйелі жұмыстардың нәтижесі.
«Бірақ, әрине, бұл да жеткіліксіз. Елді мекендерді дамыту бойынша жұмыстарды әлі де алғастырудамыз. Кездесулердің бірінде «Үркер» елді мекенінің тұрғындары «сол жағалаудың жарығына тамсанамыз» деген болатын. Біздің мақсатымыз – шет аймақтарды өмір сүруге қолайлы ету. Бұл бағыттағы жұмыстарымызды да жүргізудеміз.
«Ағаш отырғызу учаскесі» (ЛПУ) елді мекеніне жеке тоқталып кетсем. Бұл елді мекенде 400-ден астам адам тұрады. Кездесуде су мәселесі көтерілді, өйткені бұл елді мекен пайда болғалы тұрғындарға орталықтандырылған су құбыры тартылмаған. Тұрғындар суды тасуға мәжбүр, әрине, бұл көптеген қолайсыздықтарды тудырады. Бұған дейін жобаны жасап, қазір орталық су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысын бастадық», - делінген қалабасының жазбасында.
Сонымен қатар, келесі жылдан бастап аталған елді мекенді газдандыру бойынша жобаны дайындау жоспарланып отыр. Сондай-ақ әлеуметтік нысан (балабақша) салынбақ.
Кездесуде басқа да бірқатар мәселелер қаралды.
Фото: instagram.com/altay_kulginov_official