НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы элиталы «Британ кварталы» ТК өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап.
Төтенше жағдай комитетінің хабарлауынша, өрт Алматы ауданының Сарқырама қиылысындағы 6 қабатты үйден шыққан. Оқиға туралы ақпарат кешкі сағат 19.39-да түскен.
«Төтенше жағдай өкілдері жеткенде шатырдағы қызыл жалын шамамен 100 шаршы метр аумақты қамтып үлгерген. Қазіргі таңда тұрғындарды қауіпсіз жерге алып шығу жұмыстары жүргізілуде. Өртті ауыздықтауға елордалық төтенше жағдай департаментінің 51 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылған», - делінген хабарламада.
ТК тұрғындары эвакуацияланып жатыр.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.