Елордадағы филармонияда қазақ, корей композиторларының шығармалары орындалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 мамырда Астанада Мемлекеттік академиялық филармонияның Симфониялық оркестрі қазақ, корей композиторларының шығармаларынан концерт ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнда, арнайы шақырту алған солистер Қаламқас Жұмабаева (скрипка, Қазақстан) Ким Хён-Сил (виолончель, Оңтүстік Корея) және дирижер Юн Ки-Ён (Оңтүстік Корея) өнер көрсетіп, симфониялық музыкаға құралған кештің сәнін келтіреді.

Концертте қазақ, орыс, батыс еуропа және корея композиторларының шығармалары орындалады. Мысалы, Петр Чайковскийдің бесінші симфониясы ми минор ор. 64, Антонин Дворжактың си минор ор.104 (оркестрмен виолончелидің орындауында), Еділ Құсайыновтың «Қыпшақ жырын», корей әндері тақырыбына арналған Цой Сунг-Хванның «Арирангын» айтуға болады. Симфониялық оркестрдің бас дирижері Ернар Нұртазин.

Ким Хён-Сил корей елінің танымал виолончелисі, академиялық музыканың көрнекті насихаттаушысы. Ол Берлин мемлекеттік музыка университеті мен Блумингтон қаласындағы Үндістан университетінің түлегі.

Ким Хён-Сил «Seoul Arts Center Composition Festival», «Dajeon Modern Music Festival», «Dajeon Chamber Festival», «Dajeon Arts Center Chamber Society» және т.б фестивальдерге солист санатында шақырылған өнерпаз.

Сондай-ақ, ол Dajeon Philharmonic Orchestra, Dajeon arts orcherstra, Festival Orchestra, Bella String Ensemble, Daedeok Orchestra, PCBC Orchestra, Cheongju Chamber Orchestra сынды оркестрлермен бірге өнер көрсеткен.

Ким Хён-Сил «Sony music Korea» компаниясымен бірлесіп «Soul Cello CD» атты альбом жазған, сонымен қатар «Soul Cello-Spiritual Songs» атты нота дәптерін шығарған.

Юн Ки-Ён Сеул Мемлекеттік университетінің түлегі. Ол оркестрлік аспаптар (кларнет) факультетінде оқып жүріп, бүкілкореялық танымал «Донг-А» байқауына қатысып, жеңімпаз атанған. Бұл байқаудан кейін, Юн Ки-Ённың есімі елге танылып, оны Оңтүстік Кореяның түрлі оркестрлері солист ретінде шақыра бастады.

Атақты музыканттың шығармашылық жолында тағы бір маңызды жеңіс Корейлік хабар тарату жүйесінің (KBS) бірінші сыйлығы болды. Бұл жеңіс оның абыройын асқақтатты. Елдің мойындауына себепкер болды.

 Юн Ки-Ён дирижер ретінде Петрозаводск консерваториясының оркестрінде, Карель филармониялық оркестрінде, Адыгея Республикасының филармониялық оркестрінде Донец филармониялық оркестрінде, Арымдаун және т.б оркестрлерде қызмет атқарған.

 Қазіргі таңда Юн Ки-Ён Мәскеу фестивальді оркестрінің және Мәскеу симфониялық оркестрінің, сондай-ақ, Ұлттық симфониялық оркестрінің арнайы шақыртылған дирижері, сонымен бірге Гонг-зу Мемлекеттік Педагогикалық университетінің музыкалық факультетінің профессоры болып табылады.

Қаламқас Жұмабева ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры сыйлығының иегері, М. Стихарж және Б. Вайкл атындағы байқауының, Халықаралық «Еуразия» конкурсы сынды көптеген Халықаралық және Республикалық фестивальдердің жеңіспазы. Ол «Қазақстан Камератасы» (1999-2009), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік симфониялық оркестрі (2009-2014), Алматы симфониялық оркестрі «ASO» (2012-2013), «Астана операсы» театрының симфониялық оркестрі (2014-2016), Мариин театрының симфониялық оркестрлерінде (2016-2017) қызмет атқарған. Қаламқас Жұмабаева В. Гергиев, Ш. Дютуа, Э. Липер, К. Дженкинс, А.Анисимова, И.Вильднер, Е.Бушков, А.Аллеманди, М.Гюттлер, П.Доминго сынды әйгілі таланттармен әріптес болды.