Елордадағы халықаралық турнирде Беларусь хоккейшілері Ресейді жеңді
Кездесу барысында Беларусь хоккейшілері Ресейді 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Беларусь сапынан Никита Пышкайло 2, Тимофей Ковгореня 25, 48, 57, Сергей Сапего 33, Егор Игнатенко 52, Сергей Заягин 55-минутта мергендік танытты.
Ал, Ресей сапынан Валентин Зыков 12, Андрей Чивилев 27, Марат Хайруллин 46, 53-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Осылайша, Беларусь құрамасы қарсыласынан 7:4 есебімен басым түсті. Енді олар 7 мамырда Қазақстанмен кездеседі.
Еске салсақ, 5 мамырда Ресей құрамасы қазақстандықтарды 3:0 есебімен жеңген еді.
Айта кетейік, 13 мамырда қазақстандық хоккейшілер Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында өтетін әлем чемпионатында В тобындағы ойынын бастайды. Қарсыластары – Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словения.