Елордадағы «Хан Шатыр» кешеніндегі жасанды жағажайда бес бала хлор буына уланып қалды

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Елордадағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық кешеніндегі жасанды жағажайда ұзақ уақыт болған 10, 9, 7 және 6 жастағы бес бала «хлор буына улану» диагнозымен ауруханаға жеткізілді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар жасанды жағажайда таңертеңгі 10:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, яғни 10 сағат бойы болған. Тосын оқиға жайындағы ақпарат жедел жәрдемнің кезекті дәрігеріне хабарланған.