Елордадағы «Хан Шатыр» СОСО-да мерекелік концерт өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елордадағы «Хан Шатыр» СОСО-да ауқымды мерекелік концерт өтеді, деп хабарлады сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі.

Мерекелік концерт Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығы құрметіне 16 желтоқсанда 16.00-де басталады.

Кеш қонақтары - халық әртістері, Қазақстан эстрадасының жұлдызды жұбы Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина әсем әннен шашу шашады. Бұдан бөлек би ұжымдары өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, түрлі конкурстар ұйымдастырылып, жүлделер мен сыйлықтар табысталмақ.

Айта кеткен жөн, СОСО-ның бас атриумына көлемі 30*40 метр болатын ең үлкен жалау көрік беріп тұр.