Елордадағы «Хайвилде» оқыс оқиға: Балаларымен шетелдік ерлі-зайыпты қаза тапты

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана Ішкі істер департаменті елордалық «Хайвил» тұрғын үй кешенінде өрт кезінде қаза тапқандардың кім екенін анықтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Оқиға орнында 1953 жылы туған Нигерия азаматы, оның зайыбы - 1963 жылы туған Ұлыбритания азаматшасы, 8 және 17  жастағы кәмелеттік жасқа толмаған балаларының мүрдесі табылды», - деп хабарлады ІІД.

Департаментте атап өткендей, 14 шілдеде сағат 05.00-де Байтұрсынов көшесі бойынша «Хайвил» ТК-де пәтердің өртенгені жайлы оқиға ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша Бірыңғай соталды тергеу тізіліміне тіркелді.

Еске салсақ, «Хайвил» ТК 9-шы қабатындағы пәтерде өрт шықты . Салдарынан 4 адам көз жұмды, оның екеуі балалар. Тілсіз жаумен 25 өрт сөндіруші арпалысты. Өрттің нақты неден шыққаны анықталуда.