Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 4 мамыр күні сағат 21:00-ден бастап 6 мамыр күні сағат 08:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы жол толығымен жабылады.
«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп толықтырды басқарма.