«Әлеуметтік желілерде елорда аумағында қасқырлардың жүргені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Полиция қызметкерлері жалған хабарламаларды таратқан авторларды іздестіруде», - деді В. Колягин.
Осы орайда ол жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылғанын, екіден бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік бар екенін айтты.
«Қала тұрғындарын таралған жалған ақпаратқа орай дүрбелең тудырмауға, сондай-ақ осы тектес роликтерге және негізсіз қауесеттерге сенбеуге шақырамыз», - деді Владимир Колягин.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі елорда аумағына және қала маңындағы елді мекендерге қасқырлар кірмегенін мәлімдеді.