Елордадағы «Қазақстан» концерт залында «Мәуліт» мерекесіне орай кеш өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» концерт залында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күніне орай «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кеші өтеді.

Аталмыш кешке Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мұсылман мемлекеттерінің елшілері, т.б. құрметті қонақтар қатысады. Кеш барысында ҚМДБ-ның атқарған біржылдық жұмыс нәтижесі жұртшылық назарына ұсынылады. Сондай-ақ, «Өнер қырандары» тобының орындауындағы сахналық қойылымдар қойылып, діни әндер орындалып, Мәуліт жыры (Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолы) оқылады.

Мәуліт кешінде «Хикмет» телерадиостудиясы ұйымдастырған деректі фильмдер байқауының жеңімпаздары (Бас жүлде - 1 000 000) марапатталатын болады.