«Қазіргі заманғы өнер мұражайы мемлекеттік маңызы бар кез келген маңызды шараға көңіл бөліп отырады. Мұражайдың болу-болмауы, қайта құрылуы туралы мәселенің шешіліп отырғанына қарамастан - біз өзіміздің топтамамызды «Астана» Ұлттық сурет галереясына бердік - мұражай жұмысын жалғастыруда және Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар өткізілуде. 90-шы жылдары өткізілген сайлау Президентіміздің тұрақтылығын, оның өмірге деген адал көзқарасын көрсетуде», - деп атап өтті мұражай директоры.
Оның айтуынша, фотокөрмеде Мемлекет басшысының елорданы қалыптастырудағы рөлін көрсетілген. «Жылжымалы көрмелер әскери бөлімдерде, «Жас Ұлан» мектебінде, балабақшаларда өткізілуде», - деп баяндады ҚазАқпарат тілшісіне Нелли Шиврина.