ТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін «102» пультіне «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы ғимаратының 3 қабатында күдікті қорап табылғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Қауіпсіз жерге 100 адам көшірілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Төтенше оқиғаның алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 15 маманы мен 2 техникасы, «ҚР ТЖМ Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару отрядының» 4 маманы мен 1 техникасы және «ҚР ТЖМ Апаттық медициналығы орталығы» мекемесінің 3 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Арнайы жүргізілген шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.