«Көрме» орталығында Тамыз кеңесі аясында елордалықбілім көрмесі өтті. Көрмеде қалалық білім ұйымдарына инновацияларды енгізужөніндегі жетістіктер ұсынылды.
Бұл шараға 4565 ұстаз, 504 ата-ана, 650 бала және 195студенттер, сонымен қатар қонақтар мен еріктілер қатысты.
Қатысушыларға экскурсия және ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар интерактивтік ойындардыңжаңа үлгілерімен танысты.
Шарада «Lesson study», «Критериалды бағалау»,«Кәсіптік оқыту», «Инклюзивтік білім беру» білім беру технологиялары аумағыашылып, STEM-олимпиадасы жеңімпаздарының қолымен жасалған ғарыш кемесінің,шағын мұнаралардың, көпірлер баламалары ұсыну көзделіп отыр.
Сондай-ақ, көрмеде заманауи көп функционалды жәнежабдықтарымен жабдықталған кабинеттер, робототехника, STEM, физика, химия,радиоэлектроника, 3D технологиялары, ұшу аппараттары бар, бірегей заманауидизайні бар кабинеттер мен бос мектеп кеңістіктері, балабақшлардағыинтерактивті оқу жабдықтары бар 17 әлеуметтік серіктестер Ресей, ОңтүстікКорея, Польша, Финляндия мемлекеттерінің кеңейтілген павильондары орнатылған.