Елордадағы құрылыс алаңында жұмысшы биіктіктен құлады

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Астананың Алматы ауданында салынып жатқан «Ағылшын орамы» тұрғын үй кешенінде құрылыс-құрастыру жұмыстарының барысында жұмысшы 2-ші қабаттан құлады.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

23 жастағы монолитші түрлі жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.