Елордадағы Малахов көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малахов көшесінің бойында теміржол төсемін салуға байланысты 2017 жылдың 10 маусымы күні сағат 22:00-ден 11 маусым таңертеңгі сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысына толық шектеу қойылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарына уақытша қалыптасқан қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын-ала жүру бағыттарын айқындап алуларын сұрайды.