Елордадағы Надаль-Джокович матчына билеттер сатыла бастады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлем теннисінің жұлдыздары, испандық Рафаэль Надаль мен сербиялық Новак Джокович елордада өзара матч өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰлттықОлимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, спорт жұлдыздарының ойыны қайырымдылықматчы аясында ұйымдастырылады. Кездесу«Барыс Аренада» 24 қазан күні өтеді. Бүгінде билеттердің сатылымы басталды. Түскен барлыққаражат қайырымдылыққа бағытталады.

Айта кетейік, 32 жастағыНовак Джокович әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Ал 33 жастағы Надаль екіншіорында келеді. Олардың екеуара кездесуі теннис тарихындағы ең қызықты жекпе-жекаталып отыр. Осы уақытқа дейін 54 матч өткізді. Бүгінгі есеп - 28:26, сербиялықтеннисші алда. Олар алғаш рет кортта 2006 жылы RolandGarros турнирінде кездескен болатын.

Соңғы жаңалықтар