Елордадағы нысандар уақытында пайдалануға беріледі ? көшпелі кеңес

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін елорда әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен құрылыс нысандары бойынша көшпелі кеңес өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кеңес барысында комиссия Кубрин көшесіндегі «Сайран-2» тұрғын үйінде болып қайтты. «BS-люкс-1» ЖШС бас директоры Талғат Қожахметовтің айтуынша, бүгінде мемлекеттің көмегінсіз нысандардың құрылысын аяқтау мүмкін емес. «Қалалық әкімдік біздің компанияға қаражатты дер кезінде бөліп отыр. Қазір салынып біткен үйдің іші жөнделуде. Нысан мерекеге қарсы пайдалануға берілмек», - деді ол.Сондай-ақ комиссия «Формула успеха» тұрғын үй кешенінде болды. «Келесі айда 76 бюджет қызметкері осы үйден пәтер алады. Жалпы алғанда, құрылыстың аз ғана жұмысы қалған. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүзеге асырылып отыр», - деді С.Хорошун.