Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметі бойынша, 2 мамыр күні сағат 10.39-да Байқоңыр ауданындағы Х. Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан бес қабатты жатақхана ғимаратында өрт шықты. Өрттен зардап шеккен 20 адамға дәрігерлік көмек көрсетілді, олардың ішінде 16 бала бар.
10 бала амбулаторлық ем алып, 6 бала ауруханада қалатын болды. «Балалар ата-аналарымен бірге ауруханада болады және қажетті ем алады», - деді С. Айтпаева.