Елордадағы пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты: 3 әлемдік рекорд орнатылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бас қаласында өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында 3 бірдей әлемдік рекорд орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық паралимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Чемпионаттың алғашкүні (13 шілде) екі бірдей әлемдік рекорд орнатылды. Атап айтқанда, «А» тобында41 келі салмақ санатындағы әйелдер арасында қытайлық Гүй Же (Cui Zhe) есімдізілтемір шебері 101 келі салмақты оңай көтеріп, әлем чемпионатының алғашқырекордын орнатты. Дәл сол күні 45 келіден асатын орташа салмақтағы аспан астыелінің тағы бір өкілі Гуо Лингинг (Guo Linging) 118 келі нәтижесі бойыншаекінші рекордты орнатты», - делінген хабарламада.



Комитеттің дерегінесүйенсек, орнатылған рекордтың үшеуі де әйел спортшыларға тиесілі.

«Үшінші рекорд кеше(17 шілде) «А» тобында, 79 келі салмақ санатындағы әйелдер құрамында Нигерияөкілі Омолайо Бозе 142 келі зілтемірді көтеріп әлем рекордын жаңартты. Айтакетерлік жайт, чемпионаттағы барлық әлемдік рекордты әйел спортшылар жаңартты.Ерлер арасындағы рекордқа келер болсақ, жарыстың 2-ші күні 54 келі салмақдәрежесінде 189 келі зілтемірді көтеру арқылы Владимир Кривул (Ресей) еуропалықрекордты жаңартты», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Хабарламадаайтылғандай, Қазақстан құрамасында әзірге жүлделі орын жоқ, дегенмен Токио-2020паралимпиада ойынадарына 2 жолдамаға қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар