Елордадағы полиция қуғыны: Жүргізуші қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол апатын жасап, оқиға орнынан қашқан елордалық жүргізуші уақытша оқшаулағышқа қамалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше кешкісін ізіне түскен полиция қызметкерінен қашып кету үшін оны көлігімен сүйреп кеткен жүргізушіге қатысты іс қозғалып, қызмет бабындағы билік өкіліне күш көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша оқшаулағышқа қамалды», - деді Алмас Садубаев.

Бұған дейін елордалық полиция қызметкерлері жол апатын жасаған көлікті дөңгелегін атып тоқтатқанын хабарлаған болатынбыз.