Елордадағы «Шапағат» базарында болған өрт сөндірілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шапағат» базарында болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2 сәуір күні сағат 22:30-да Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Сарыарқа ауданы Бөгенбай батыр даңғылы 69 мекенжайында орналасқан Шапағат базарына шақыртудың жоғары нөмірі бойынша шықты. Өрт сөндірушілердің келісімен алдын ала болжам бойынша 50 ш.м аумақта керамогранит астындағы жылытқыш пен жабыны өртеніп жатқаны анықталды. Ғимарат ішінде өрт орын алған жоқ» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Өрт орнында Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД-дан 8 техника мен жеке құрамның 32 адамы жұмылдырылды.

Өрт сағат 23:05-те ауыздықталды.