«Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенінің №1 подъезі карантинге жабылды. Үйдің бұл кіреберісі қоршалды. Онда полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр. Аталған подъездің тұрғындарына жақын маңдағы дүкеннен, тапсырыс арқылы әкелінген дәрі-дәрмекті алудан басқа сыртқа шығуға тыйым салынады. Подъез тұрғындарының бәрі де үй карантинінде.
20:41, 19 Сәуір 2020
Елордадағы «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешені толықтай дезинфекцияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенінің іші мен сыртқы аумағында ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.