«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
Қазіргі уақытта LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Сауран көшесі мен Ақмешіт көшесінің қиылыстарында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.Осыған байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен тоқтатылады және Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде (солтүстік жағы) қозғалысқа ішінара шектеу (екі жолақ) енгізіледі.
Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін.
Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды» деп жазылған LRT құрылысының барысы туралы жаңалықтар парақшасында.