Елордадағы Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана қаласындағы жаңа көлік жүйесі» ЖРК желілерін салу жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесі бойынша автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Сығанақ көшесінің Түркістан көшесінен - Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскесіндегі қозғалысқа 1 маусымнан 1 қарашаға дейін ішінара шектеу енгізіледі (көшенің әр жағында екі жолақпен жүру);

Ал Ақмешіт көшесінен - Түркістан көшесіне дейінгі аралық 1-20 маусымда қозғалыс үшін ішінара жабық болады. Ал аталмыш учаскедегі қозғалыс 20 маусымнан 1 қарашаға дейін толық шектеледі (қозғалыс жабық).

Әр жақ кезек-кезек жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына қаланың жолдарында кептеліс жағдайы туындамас үшін бағдарларын алдын-ала жоспарлауы қажет», - делінген хабарламада.