Олар аумақты тұрмыстық қоқыстардан тазарту, ғимараттардың қасбеттерін әрлеп, аулаларды абаттандырып, ағаштар отырғызды.
Мысалы, «Сарыарқа» ауданы бойынша шараға 34 мектеп пен 36 балабақша, шағын және орта бизнестің 50 нысанының өкілдер қатысты.
«Есіл» ауданының аумағында 168 кәсіпорын мен ұйым, атап айтқанда, мектептер, жоғары оқу орындары, балабақшалар, шағын және орта бизнес субъектілері, пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері қатысуда.
«Алматы» ауданы бойынша акцияға 50 мектеп пен 45 балабақша, 78 шағын және орта бизнес объектісі атсалысты.
Жалпы, 276 техника, соның ішінде, 142 жүк және 134 жүк тиегіш көлік тартылды. Қалалық полигонға 139 тоннадан аса қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ, 126 аула санитарлық тазалаудан өтті.
Нәтижесінде, «Таза жұма» акциясының алғашқы күні 27 мыңнан аса адам қатысты.
03:20, 15 Сәуір 2017
Елордадағы «Таза жұма» акциясына 27 мыңнан аса адам қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорданың барлық аудандарында «Таза жұма» акциясы ұйымдастырылып, оған түрлі ұйымдардың еңбек ұжымдары, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің, әлеуметтік нысандардың, базарлардың, бизнес құрылымдардың, сауда-ойын сауық орталықтарының, жоғары оқу орындарының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.