Елордадағы турнирде Дәурен Елеусіновтің кіммен жекпе жекке шығатыны анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешіндегі қарсыласын білді, деп хабарлайды Sports.kz.

Турнирді ұйымдастырушы Зия Әлиев Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандықтың қарсыласы кім екендігі туралы сторис жариялады. Ол - Әзербайжан өкілі Али Мамедов. Дәуреннің қарсыласы 13 жекпе-жекте жеңіске жетіп, төрт жекпе-жекте сүрінді. Ал 2016 жылы тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедовпен рингте кездесіп, техникалық нокаутпен жеңілген болатын.

Турнирде қазақстандық танымал Иван Дычко, Ержан Залилов және Дәуреннің ағасы Данияр Елеусінов те өнер көрсетеді. Нұр-Сұлтандағы бокс кеші 18 желтоқсанда болады.

Еске салайық, Дәурен соңғы жекпе-жегін 2021 жылы шілдеде Алматыдағы бокс кешінде өткізген болатын. Боксшының қарсыласы Арман Рысбек бесінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша Дәурен Елеусінов кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.