Елордадағы үлестік құрылыс бойынша проблемалы нысандар саны қанша

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үлестік құрылыс бойынша проблемалы нысандардың басым бөлігі елордада тіркелді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және түрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Қашақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осындайнысандардың көбісі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Жалпы, 51 нысан тіркелген,соның 12-сіне тұрғындар қоныстанды, яғни бұл үйлер бойынша тиісті шаралар іскеасырылуда. Ал қалған 39-ы проблемалы нысан ретінде айқындалды», - деді Б.Қашақов.

Осы орайдаол аталған мәселені шешуге 40 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

«Бұл қаржы елордаға арналған, себебіпроблемалы нысандардың негізгі бөлігі осы қалада. Әрине, осындай нысандар басқада өңірлерде бар, алайда олардың саны өте аз», - деді Бақытжан Қашақов.

Соңғы жаңалықтар