Елордадағы жалпықалалық сенбілікте 3,5 мың түп ағаш егу көзделіп отыр

None
ТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр.

Қала басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің айтуынша, бұл күні 3,5 мың түп ағаш егу көзделіп отыр. Былтыр елордада 20 мың ағаш отырғызылған болса, биыл 40 мың ағаш егу жоспарда бар. Ол үшін мейлінше көп адами және техникалық ресурстар жұмылдырылып жатыр.

«Жалпықалалық сенбілікке 80 мыңнан астам халық, 3 мыңнан астам кәсіпорын, ұйым және мекемелердің жұмыскерлері қатысуда. Жұмыстарға 300-ден астам техника тартылды», - дейді И. Тасмағамбетов.

Қала әкімінің атап өткеніндей, сенбілік барысында 180-ге жуық ластанған орын мен жаңадан пайда болған қоқыс орындары тазартылып, 700 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылады.