«Әскерлер парады - еліміздегі ең маңызды оқиға». Биылғы жылы біз Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерейтойын тойлаймыз. Көптеген қазақстанның отбасыларда Ұлы Отан соғысына қатысушы бар екенін мақтанышпен айта аламыз», - дейді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев.
Күнделікті жаттығулар барысында саптық жарғы талаптары, яғни, үйлесімді және қарқынды адымдау, түзулікті, бірқалыпты қарқын мен ырғақты сақтау пысықталады. Әрбір қатысушыға ерекше жауапкершілік жүктелген. Себебі, бұл мерекелік әскери парадты ҚР ҚМ Орталық аппаратының әскери қызметшілері ашатын болады.
Сонымен қатар жергілікті жерлерде (Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі ҚР ҚК әскер түрлері мен тектерінің әскери бөлімдерінде) бөлек жаттығулар өткізіледі. Содан кейін алдағы парадқа барлық қатысушылар Астанаға келіп, оркестрдің парадтық маршымен бірыңғай сап түзеп өту және еліміздің Қарулы Күштері тиісті жоғарғы деңгейде көрсету үшін бірлескен даярлыққа кіріседі.
Алдағы парад мемлекетімізде бұрынғы өткен әскери парадтардың ең ірісі болатынын атап өткіміз келеді. Мұндағы жеке құрам мен әскери техниканың саны екі есе көп болмақ. Көрермен назарына қазіргі заманғы Қазақстан Қарулы Күштерімен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскер көрінісі ұсынылатын болады.