Абай даңғылы мен Кеңесары көшесі аралығында жатқан Жұбанов көшесінің учаскесінде 21 қазанда сағат 20.00-де қозғалыс шектелетін болады. Жоғарыда аталған жол учаскесіндегі қозғалыс 23 қазанға дейін жабық болады. Осыған байланысты № 5, 73 автобустардың қозғалыс бағыты Жұбанова көшесінен Брусиловский көшесіне ауыстырылады.
21:51, 21 Қазан 2017
Елордадағы Жұбанов көшесі 23 қазанға дейін жабық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жүргізілетін жол жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты өзгеретін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.